Атырау облысында түрлі мақсаттарға берілген жер телімдері игерілмей жатыр
Заңға сәйкес жер иелеріне басқарма арқылы нұсқамалар табысталған. Жалпы мұнайлы өңір бойынша өткен 4 жылда осындай жолмен 885,4 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Тағы 16 жер теліміне қатысты талап арыз сот орындарына жолданып, 160,1 гектарды құрайтын 8 жер телімі кері қайтарылды. Жер иелерінің салғырттығынан берілген учаскелердің бос жатуы көбіне ауылдық жерлерде анықталған.
Жазира Жұмаханова, Жердің пайдаланылуы және қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Сондай-ақ 2015-2017 жылдардағы Махамбет ауданы бойынша 25 кәсіпкерлік мақсаттағы ауданы 286,4 гектарды құрайтын 26 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі ауданы 1 580 гектарды құрайтын нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланбағандықтан, 1 жыл ішінде игеру қажеттілігі туралы нұсқамалар табысталған.