«Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісім ратификацияланады
Мәжілісте Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісімді ратификациялау жобасы мақұлданды. «Келісім аясында халықтың коммуналдық шығындарын азайту мүмкін болып отыр», – деді Энергетика министрі.
Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрі:
- Байқоңыр қаласында сұйылтылған газ қолданылып келді. Қазіргі таңда ол жерге табиғи газ жеткізілді. Байқоңыр қаласында 74 мың тұрғын бар. Оның 62% – қазақстандық азамат. Алдағы уақытта 328 көпқабатты үй газдандырылады.