ҰОС ескерткіштерінің барлығы қалпына келтіріледі
Мұндай сәулет өнерінің туындылары облыстағы әрбір дерлік ауылда бар. 115 ескерткішті жөндеуге жергілікті бюджеттен 150 млн теңге бөлінген. Қалпына келтіру жұмыстары кей аудандарда басталды.
Мәрлен Көлбаев, облыстық Мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы:
- «Наурыз мейрамына дейін барлық ескерткіш қалпына келтірілсін» деген облыс әкімінің тапсырмасы бар. Қазір барлық аудан әкімдері осыған байланысты тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұған қаражат бөлінге. Жеңістің 75 жылдығына арналған арнайы жұмыс жоспары құрылып, осыған байланысты барлық шара дайындалып жатыр.