Шымкентте тұмаумен ауырғандар қатары азаймай тұр
Мәселен, Шымкентте күн райының құбылмалы болуынан тұмаумен ауырғандар қатары азаймай тұр. «Науқастардың дені – жүкті әйелдер мен балалар», – дейді мамандар. Олардың айтуынша, жұқпалы ауруға қарсы вакцинаны уақытында қабылдаған азаматтарда тұмау жеңіл түрде өтеді. Өңірде эпидемиологиялық маусым басталғалы вирустық инфекциямен 6882 науқас тіркелген. Олардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар.
Ғалымжан Әбішев, қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Осы маусымда тұмаумен ауырған 50 науқас тіркелді. Тұмаумен ауырғандардың 34-і – жүкті әйел, қалғаны – балалар. Тұмаумен ауырғандардың барлығы: тұмауға қарсы вакцина қабылдамағандар, егу алмағандар.