Атырау облысында тұмауға қарсы екпе шарасы жалғасып жатыр
Осы мақсатқа 30 мың доза дәрі жергілікті бюджеттің қаражатына сатылып алынған. Вакцина ауруға бейім немесе әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға тегін егілді. Ал облыстағы ірі мекеме, кәсіпорындар өз қаржысына жұмысшыларын дәрі-дәрмекпен қамтыды.
Сондай-ақ емдеу орындарындағы ақылы кабинеттер арқылы тұмауға қарсы ем-дом алуға мүмкіндік жасалған. Оның бағасы 2500-3500 тг шамасында. Облыстық Тауарлар мен қызметтер сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметі бойынша қазан айынан бері тұмау жұқтырған 947 науқас тіркелген. Оларға тиісті медициналық көмек көрестілді. Екпе жұмыстары әлі де жалғасуда.
Гүлназ Ербатырова, облыстық Эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы:
- Тұмау вирусына қарсы екпе алғаннан кейін 14 күннен 1 ай аралығында сол вирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Ол иммунитет тұмау ауруынан 6 айға дейін қорғайды. Онан кейін ақырындап тиімділігі азая бастайды. Бізде аурудың көтерілуі қаңтар-ақпан айларында жиілейді. Жалпы қазан айында екпе жүргізілдеді де, біз эпидемиялық маусымда тұмау ауруына қарсы иммунитетті қалыптастыруға осы вакцинацияны жүргіземіз.