Қостанай облысында оңалту қызметін қаржыландыру 22 есеге артады
Қазірден бірқатар орталық науқастарды қабылдауға дайын. Олар жаттығу құрылғыларымен қамтылып, арнайы мамандармен толыққан. Науқастарды ортаға бейімдеу аймақтағы 30 медициналық ұйымға жүктеледі. Бүгінде облыс тұрғындарының 84% сақтандырылған. Ал жартысына жуығы сақтандыру жарнасын төлеуден босатылды. 15 әлеуметтік санатқа кіретіндер үшін төлемді мемлекет жасайды.
Марат Шоранов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Бұған дейін оңалтуды қажет ететін адамға уқалаушы кісіні жалдап, ақша шығындауға тура келетін. Енді бұл науқастар медициналық сақтандыру аясында дәрігерлік көмекпен барынша қамтылады. Жалпы оңалтудың 3 түрі болады. Біріншісі – оңалту қызметін стационарда алу. Екінші кезеңі – оның тәулік бойғы қолжетімділігі. Үшінші деңгей – күндізгі стационардағы амбулаторлы оңалту.