Маңғыстаулық волонтерлер туристерді өңірдің тарихымен таныстырады
Құрамында 300-ге жуық мүшесі бар «Бекен жас көшбасшылар» достастығының мүшелері өңірде өтетін халықаралық, республикалық деңгейдегі саяси, мәдени және спорттық шараларда қызмет көрсетеді. Осы мақсатта былтыр 25 бала ағылшын тілі курсын тәмамдаса, биыл тағы 100 еріктіні тіл курсынан өткізу жоспарланып отыр. Олар былтыр аз қамтылған 180 отбасыға әлеуметтік көмек, 123 жалғызбасты азаматқа көмек көрсетті.
Мұқаш Оралбай, «Бекен жас көшбасшылар» достастығының директоры:
- Былтыр Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан-Ресей жастарының форумында осы волонтерліқ корпустың жұмысын жоғары бағалаған болатын. Бүгінде волонтерлер корпусы барлық ұйымның, мемлекеттік мекеменің, ТЖД мен полицияның сенімді серіктесі болды деп толық айта аламын. Биылдан бастап барлық волонтерлық топ пен ұйым бірлесе әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, әлеуметтік жағынан осал топтардың базасын қалыптастыратын боламыз.