СҚО-да ҰБТ қорытындысы бойынша 305 оқушы тиісті 50 балды жинай алмады
Жалпы соңғы 3 күнде өңірде 1350-ден астам түлек кешенді тестілеуге қатысқан. Мамандардың сөзінше, ең жоғары балл 129 болса, оқушылардың бірі 17 бал жинап, ең төмен көрсеткішке қол жеткізді.
Ирина Голодова, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:
- Мүмкін түлектер таңдаған пәндерінен қателескен болар. Бұл тек бастамасы ғана ғой. Қажетті балды жинай алмағандар наурыз айында екінші тестілеуге қатысып, білімдерін сынап көре алады. Жалпы алғашқы тестілеуді 1409 адам тапсыруға өтініш білдірген еді. Ал оның 32-і түрлі себептерге байланысты сынаққа келе алмай қалды.