Елордада «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегерлері марапатталды
Ғаламтор қолданушылары биыл дзюдошы Елдос Сметов «Жылдың үздік спортшысы» аталымымен, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева «Жылдың үздік спортшы қызы» аталымымен марапатталды. Ал «Жылдың үздік мәдениет қайраткері» марапатына әнші Димаш Құдайберген лайық деп танылды. 13 тұлға «Құрмет премиясы» иегері атанды. Бұдан бөлек «Жылдың үздік мұғалімі», «Жылдың үздік дәрігері», «Жылдың үздік әскери адамы», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» секілді өзге де номинациялар бар.
Элизабет Тұрсынбаева, «Жылдың үздік спортшы қызы» аталымының иегері:
- «Халықтың сүйіктісі» марапатын алғаным үшін қуаныштымын. Ата-анама және маған дауыс берген жанкүйерлеріме рахмет! Қазіргі таңда Мәскеуде спорттық бабымды қалпына келтіріп жатырмын. Келер маусымда ресми жарыстарға қатыса бастаймын.
Талапбек Әженов, «Жылдың үздік дәрігері» аталымының иегері:
- Мұндай атаққа ие болу – үлкен абырой. Бұл – жұмысты әрі қарай бұдан да жақсы орындауға мотивация жасайды.