Бразилияда нашақорлыққа қатысты қылмысы үшін бір қазақстандық жазасын өтеуде
Мәжілісте Қазақстан мен Бразилия арасындағы адамдарды ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау жобалары мақұлданды. Құжаттарда құқықтық көмек көрсету тәртібі, одан бас тартуға негіздемелер тізбесі толық көрсетілген.
Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
- Қазақстанның заңнамасына сәйкес бүгінде 30 елмен құқықтық көмек бар. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания және т.б. мемлекеттермен қосымша конвенциялар көрсетілген. Бұл «біздің заңнамамыз халықаралық заңнамаға сәйкес» деген белгіні білдіреді.