Еліміздегі ескі вагондар күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр
Жалпы 2016-2019 жылдар аралығында 269 вагон сатып алынған. Ресей технологиясымен құрастырылған вагон саны 91. Биыл осындай 118 вагон сатып алу көзделген. Сонымен қатар қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін 85 вагонды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. «Біреуін жөндеуге 148 млн теңге кетеді», – дейді мамандар. Ал жаңа вагонның құны 400 млн теңгеге дейін жетеді. Жалпы қазіргі таңда ұлттық тасымалдаушының вагон паркі 2200-ден асады. Оның 670-і «Тұлпар-Тальго» вагондары екен.