Сенат төрағасы квазимемлекеттік компаниялардағы міндеттерді қысқартуды ұсынды
Белгілі болғандай былтырғы 11 айда еліміздің тауар экспорты 4,7% төмендеген. Ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты 7,1% өсіпті. Бірақ өңделген өнімдердің экспорты 4,1% кеміді. «Өнімдеріміздің өз сөрелерімізге жетуі өте қиын. Ірі сауда орталықтары өнім өндірушілерді пайдасыз жағдайға душар етеді. Делдалдар 200-300% үстеме баға қосып отыр», – деді Дариға Назарбаева.
Сондай-ақ Сенат төрағасы экспортқа мүдделі адамдар үшін «бірыңғай терезе» қағидаты жұмыс істеуі керектігін атап өтті. Жиын барысында Сенат спикері азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Азық-түліктердің қымбаттап жатқаны халықты алаңдатып отыр. Картоп, қарақұмық, күріштің құны өсіп кетті. Неліктен?! Бұл бағытта қанша жұмыстар атқарылып жатыр, субсидия берілуде, түрлі бағдарламалар, жол картасы жұмыс істейді. Бірақ бұдан жағдай түзелмей келеді. Тамақ бағасының қымбаттауы әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған адамдарды қолдау бойынша қолға алынған жұмыстарға кері әсер етеді.