Құс етін өндіру бойынша ішкі нарық 60% қанағаттандырылып отыр
Бұл туралы «Қазақстандағы құс еті нарығының дамуы» атты баспасөз мәслихатында белгілі болды. Елімізде 2019 жылы шамамен 220 мың тонна құс еті өндірілген. Қалған қажетті мөлшердегі ет Ресей, АҚШ және Украина елдерінен әкелінеді. Жиында өндірісте кездесетін қиындықтар, сатуды ұйымдастыру, экспорт және басқа да мәселелер талқыға салынды. Еске сала кетейік, 2018 жылы Орталық Азиядағы ең ірі Макинск құс фабрикасы іске қосылған болатын. Қазіргі уақытта фабриканың жылдық қуаты 50 мың тоннаға жетті.
Рәбиға Тоқсейітова, құс етін өндіруші компанияның вице-президенті:
- Компаниямыздың алға қойған мақсаты – алдымыздағы 5-10 жылдың арасында 900 мың тонна құс етін шығару. Сондықтан құс етімен Қазақстанды қамтамасыз еткеннен кейін біз шет мемлекеттерге экспорттауға көшеміз.