Хабар телеарнасы

Президенттік кадр резерві: Лаура Демесінова бір топ жаспен волонтерлық істі қолға алмақ

Қазір қыз-жігіттер әр сала бойынша жұмыстарын бастап та кетті. Лаура Демесінова – резервке алынған жастың бірі. «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры. Ол бір топ жаспен волонтерлік істі қолға алмақ. Дәлірек айтсақ, мектептерге барып, оқушылармен кездесті. Жас буынның заман ағымына сай мамандық таңдап, өмірден өз жолдарын табуына көмектеспек. Осылайша Волонтер жылына өз үлестерін қосуда.

Лаура Демесінова, «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры:

- Қазіргі кезде қала мен ауылдық аймақтарда білім деңгейі әртүрлі. Болашақта осыны төмендетуге үлес қосамыз деген үміттемін. Осы жобаны іске асырудың әртүрлі жолдарын іздеп, қарастырып, мына резервистермен бірігіп, мектептерге барайық деп жатырмыз.