Ішкі және сыртқы қауіпсіздік мәселесі пысықталды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі әрі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдап, осы мәселеге тоқталды. Біздің ел үшін әсіресе азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, шетелдермен байланысты бекемдеу және құқық қорғау жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларды сәтті аяқтау маңызды. Елбасы Әсет Исекешевтің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын тыңдады және нақты тапсырмалар берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Совет безопасности очень важный государственный орган, который прежде всего, анализирует и представляет к рассмотрению вопросы безопасности, как внутри страны, так и за ее пределами. Сюда относятся вопросы касательно работы правоохранительных органов, обеспечения продовольственной безопасности, взаимоотношений с зарубежными странами, обороноспособности. Кроме того, важно уделить внимание реформе правоохранительной системы и довести ее до конца.