«Бұқтырма» орман шаруашылығы инспекциясының жетекшісі парамен ұсталды
Инспекция жетекшісі браконьерелермен сыбайлас болған. Олардың заңсыз әрекетін жасырып-жабу үшін үнемі пара алып отырған. Қазір инспекторға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жігер Байділдин, ҚР СЖҚІА облыстық департаменті бастығының бірінші орынбасары:
- Ол заңсыз балық аулағаны үшін және сол заңсыз балық аулаған адамдарға қамқорлық жасау үшін 50 мың теңгеден 200 мың теңге аралығында жүйелі түрде пара алып отырған. Ол біздің департаментпен жедел іздестіру жүргізу шаралары негізінде ұсталды.
БҚО-да патрульдік полиция батальонының взвод командирі қамауға алынды. Тағы бірнеше қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің дерегінше, жол инспекторлары 21 қаңтарда парамен ұсталған. Яғни Орал-Атырау және Орал-Ақсай тас жолында жүргізушілерден 2 мыңнан 10 мың теңгеге дейін ақша алып отырған және заңға қайшы іс-әрекетке өзара келісіп барған. Егер жол сақшыларының кінәсі дәлелденсе, олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе еселенген айыппұл төлеуі мүмкін.