«Бәйтерек» кешені 2022 жылы іске қосылады
«Союз-5» зымыран тасығышы жанармай ретінде гептилді емес, керосин мен оттегін пайдаланады. Сенат «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құруға қатысты заң жобасын қабылдады. Хаттамаға сәйкес қазақстандық тарап «Зенит-М» кешенінің жерүсті инфрақұрылымы нысандарын, күрделі жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын қаржыландырады. Ал Ресей «Союз-5» зымыран тасығышын құруға қаржы бөледі.
Асқар Жұмағалиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Зымыран бойынша Ресейдің адамдары айналысады, олар мұны жасау үшін 900 млн-нан астам қаражат бөледі, біз тек қана стартпен айналысамыз. Жаңғырту үшін 233 млн доллар бөліну керек.