«Абай жолы» эпопеясы брайль шрифтімен теріп басылды
Айтуларынша, романның бір беті брайль шрифтіне ауысқанда, 3 бетке ұлғайған. Сөйтіп 4 томдық әдеби туынды 21 кітап болып шықты. «Бұл ақынның 175 жылдығына арналған шаралардың бастамасы ғана», – дейді кітапханашылар. Енді «Өлең сөздің патшасы» атты өлеңдер жинағын топтастыру жоспарлап отыр.
Балнұр Нұрахметова, кітапханашы:
- Әрине, қиындықтар болды. World нұсқасын табу үшін уақытымыз көп кетті. Күні-түні жұмыс істеп, осы игі іске ұжыммен атсалыстық.
Денис Ишунин, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Бұл туындыны үлкен ынтамен оқып жатырмын. Тәлім-тәрбиеге толы шығарма. Сонысымен де мені бірден қызықтырды.