Шойын жолдағы апат: 4 жолаушы вагоны рельстен шыққан
4 жолаушы вагоны рельстен шығып кеткен. №108 пойыз Нұр-Сұлтаннан Жезқазғанға бағыт алған. Пойыз Қарабас станциясында жолдан шықты. Алдын ала болжамдар бойынша, апатқа метеорологиялық жағдай себеп болған. Темір жол тармағы бойынша қозғалыс тоқтатылған жоқ. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия өз жұмысын бастады.
Мұрат Мусин, Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері:
- Пойыз құрамындағы 16 вагонда 683 жолаушы болған. Адамдар зардап шеккен жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында пойыздардың қозғалысы тоқтатылған жоқ. Сондай-ақ жолаушыларды межелі пунктке жеткізу үшін қосымша вагондар ұсынылды.