Ертіс өңірінің оқушыларына Сұлтанбет сұлтан туралы кітаптар табысталды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде оқырманға жол тартқан кітапта тұлға жайында тың деректер жинақталған. Тарихи деректер Орынбор мен Омбыдан табылған 450-ден астам мағлұмат негіз болды. Мұрағаттық құжаттарды ғалымдар көне славян тілінен аударған. Алдағы уақытта 500 дана кітап өңірдегі кітапханаларына таратылып, бірнеше томы жарыққа шығарылады.
Жұмабек Қамзин, Сұлтанбет сұлтан атындағы қоғамдық қордың атқарушы директоры:
- Сұлтанбет сұлтан атындағы қоғамның көмегімен әр мектепке екі томнан сыйлық ретінде беріліп жатыр. «Әр мектепте осындай тарихи сабақтар өтсін» деген ниетпенен істеліп жатыр. Сондықтан бұл іс өте маңызды деп ойлаймын. Мұның барлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда.
Евгений Карамышев, оқушы:
- Ұлы тұлғаның өмірбаянымен танысып, таңғалдым. Сұлтанбет сұлтанның өнегелі өмірі әрі қарай зерттелу керек. Біз, келер ұрпақ ұлы бабамыздан үлгі алуымыз қажет деп ойлаймын.