«Елорда көшесінде қасқырлар жүр» деген ақпарат жұртты дүрліктірді
Бұл туралы ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Еске салсақ, 23 қаңтардан бері WhatsАpp желісі арқылы көше кезген қасқырлардың видеосы тарап кетті. Мұнда түз тағысының халыққа қызмет көрсету орталығы аумағы мен Саянұр, Тобыл, Көктал, Талапкер аудандарында жүргені айтылады. Кейін оның Ресей қалаларында түсірілгені анықталды. Қазір жалған мәлімет таратқандарды полицейлер іздестіріп жатыр.
Эльмира Шауленова, қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы:
- Көрнеу ақпарат таратқан азаматтар ҚР ҚК 274-бабының 2-тармағына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Бұл бапта 2 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сәкен Ділдахмет, ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы
- Мына министрліктің алдындағы кейбір фото жалған болып шықты. Арнайы редакторлық бағдарламамен қасқырдың суреті қойылуы мүмкін.