Еліміздің солтүстігіндегі боран салдарын жою бойынша жұмыстар басталды
Мамандардың айтуынша, Еуропаның гидрологиялық әдістерін елімізде енгізген соң, болжамдардың ауытқушылығы 10% қысқарған. Ендігі кезекте селге қатысты болжамдар бір апта бұрын жасалатын болады. Бұл Төтенше жағдайлар комитетіне халықты алдын ала ескертіп, қажет шараларды жасауға мүмкіндік береді.
Дидар Жәнібекұлы, «Қазгидромет» РМК Гидрология департаментінің директоры:
- Қыс өте қарлы. Су тасқыны маусымы жақындап келе жатыр. Атап өткендей, бұрынғы әдіспен жасалған гидрологиялық болжамдардың ауытқушылықтары 200-1000% арасын құраса, қазіргі біз құраған болжам нәтижесінде 10% қысқарта алдық. Бұл – үлкен көрсеткіш. Себебі ондай үлкен көрсеткішке Еуропаның дамыған мемлекеттері 20 жылда келсе, біз 3-4 жылдың ішінде сондай нәтижеге келдік.