Қызылорда облысына шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 3 есеге қысқартылды
Биылдан бастап ол 356-ға кеміген. Сырттан келген мамандар негізінен құрылыс, мұнай-газ, ғылыми-техникалық салаларда жұмыс істейді. Қазіргі таңда өңірдегі 23 кәсіпорында 205 шетелдік еңбек етіп жүр.
Бекзада Әбдіхалықова, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:
- Ал бұл кәсіпорындарда 5 мыңнан астам қазақстандық азамат жұмыс атқарады. Қызылорда облысында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметі белгілейтін квота арқылы рұқсат беріледі. 2019 жылы облыс бойынша шетелдік жұмыс күші тартылған 1437 бірлік ішінен тек қана 267 рұқсат берілді.