Биыл Қостанай облысында 9 әлеуметтік нысан және 60 шақырым ішкі жолдар жөнделеді
Бұл мақсатқа 5 млрд теңгеден астам қаржы қаралып отыр. Өткен жылы өңірдегі 5 аудан орталығында мектеп, балабақша, аурухана мен медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті. Елді мекендердің әлеуметтік жағдайын оңалтуға қосымша тағы ел қазынасынан 4 млрд теңге бөлінді.
Гүлбарам Мұсағазина, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:
- Осындай қолдаудың арқасында Әулиекөл және Федоров кенттеріне газ тарту жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ Федоровта 24 және 4 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйлер салынды. Ал Боровской ауылы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілді.