Талдықорғанда биыл 100 шақты көше жөнделеді
Ал өткен жылы бұл мақсатқа 5 млрд теңге бөлініп, игерілді. Оған 30 көшеге күрделі жөндеу жасалып, 66-сы орташа жөндеуден өтті. Осы жылы Қызылтас, Шайқорған саяжай аумақтарындағы ескі көпірлер қалпына келтіріліп, жаңалары салынады. Сондай-ақ І.Жансүгіров көшесі мен Жалайыр даңғылының бойында жаяу жүргіншілерге арналған екі аспалы көпірдің құрылысы басталады.
Малдыбай Қалиев, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
- 18 көше күрделі жөндеуден, 61 көше орташа жөндеуден өтеді. 12 көшеге қиыршық тас төселеді. Қазіргі таңда 5 млрд бөлінді. Тендерлік жұмыстарды бастап кеттік. Ал енді қаланың ішінде 281 көше бар. Соның 67% қатты асфальт салынған. Қалғандары жұмыс жоспарында тұр.