Шымкенттік волонтерлер «Саулық» жобасын жүзеге асырды
Шарада өнерлі жастар Абай Құнанбайұлының шығармаларынан үзінді оқыды. Қазақтың халық әндерін шырқап, науқас жандардың көңілін көтерді. «Әлсізге қол ұшын созу, жасы үлкен адамға көмектесу, жетім-жесірге қамқор болу – басты мақсатымыз», – дейді еріктілер.
Әбдіхалық Үркімбаев, Түркістан облысының тұрғыны:
- Қан қысымымызды тексеріп, өз көмектерін көрсетуде. Концерт бағдарламасын жүргізуде. Көңіліміз көтеріліп қалды. Оларға алғысымыз шексіз!
Бижан Сәдібеков, волонтер:
- Қаламыздағы жастар науқастардың денсаулығын тексеріп, осы жердегі кісілердің көңілін аулауда. Әрі өздері өмірлік тәжірибе алуда.