Қар құрсауынан 2 мыңға жуық адам құтқарылды
10 аймақ бойынша 93 дауылды ескерту жарияланды. Бұл жайында төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері мәлімдеп отыр. Құтқарушылар қар құрсауында қалған 2 мыңға жуық адамды шығарып алған. Сондай-ақ 2 мыңнан астам техника да бар. Табиғаттың тосын мінезінен әсіресе Қарағанды облысы мен Ақмолалықтар қиыншылық көріп отыр. Нұр-Сұлтан қаласында жарияланған төтенше жағдай еш өзгеріссіз қала бермек.
Марат Көлдіков, ҚР ІІМ ТЖК төрағасының міндетін атқарушы:
- Кеше түнгі сағат 03:00-ден бастап Нұр-Сұлтан мен Щучинск арасында үлкен колонна тұрып қалды. Оны Аққөлге дейін шығарып салдық. Бұл 140 техника мен 382 адам. Қазір адамдар колледж бен мәдениет үйіне жайғастырылды. Барлығына тамақ берілді. Әзірге жол жоқ. Сол себепті оларды елорда мен Көкшетауға эвакуациялау мәселесі қаралып жатыр.