Ақмола облысында ауа райына байланысты жағдай қиын
Атап айтсақ, құтқарушылар «Щучинск – Нұр-Сұлтан» тасжолының екі күннен бері жабық тұруы себепті жолда қалуға мәжбүр болған 56 адамды аудан орталығындағы жылыту бекеттеріне жеткізген. Кеше облыстық ТЖД «ондай көліктердің саны 600-ге жуықтайды» деген болатын. Айта кетейік, аймақта қазір Нұр-Сұлтан – Павлодар, Нұр-Сұлтан – Щучинск секілді бірқатар жол әлі де жабық тұр. Қазір оларда қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр.