Хабар телеарнасы

Қытайда коронавирустан көз жұмғандардың саны 106-ға жетті

Бұл туралы шетелдің БАҚ өкілдері Қытайдың мемлекеттік телеарналарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сонымен қатар вирус жұқтырған алғашқы адам Шри-Ланка мен Германияда тіркелген. Екі елде де дертке шалдыққандар жуырда Хубэй провинциясынан келген. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында. Айта кетейік, бұған дейін вирус жұқтыру дерегі осы елдерден басқа Гонконг, Макао, Тайвань, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия мен Малайзияда да тіркелді. Ал Қытай астанасы Бейжіңде коронавирустан алғашқы адам көз жұмды. 50 жастағы марқұм Ухань қаласында қаңтардың 8-і күні болған . Ал 22-сі күні оған нақты диагноз қойылды.