Хабар телеарнасы

ДДСҰ вирус қауіптілігінің деңгейін өзгертті

Аталмыш ұйым вирустың адамнан адамға жұғу қауіптілігін халықаралық деңгейде «бірқалыптыдан» «жоғары» деңгейге өзгертті.

Мария Ван Керкхове, ДДСҰ қызметкері:

- Барлық елде әуежай ішінде жолаушыларды жіті тексеріп жатыр. Жедел жәрдем бөлімдеріне де ерекше мән береміз. Өйткені ауру симптомдары байқалғандар бірінші кезекте жедел жәрдем көмегіне жүгінеді. Вирустың кең таралып кетпеуі үшін барлық шаралар қолға алынды. Коронавирустың жаңа түрін анықтау оңай емес. Сондықтан мамандар өте мұқият болу керек. Медицина қызметкерлерінің денсаулығы да біз үшін өте маңызды.