Алматыда дәстүрлі цифрлық форум басталды
Гүлжан Көленқызы, тілші:
- Халықаралық форумның алғашқы пленарлық отырысы өтуде. Жабық форматта өтіп жатқан отырыста жасанды интеллектің игілігін өңірлердің дамуына пайдалану мәселелері талқылануда. Форумдағы маңызды іс-шаралардың бірі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей, сондай-ақ Молдова Үкімет басшыларының қатысуымен пленарлық сессия өтеді. Сарапшылар инфрақұрылымды құру және технологияларды ілгерілету қажеттігін талқылайды. Панельдік сессияларларда БҰҰ, UNICEF және АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Австралия және ТМД елдерінің технологиялық индустриясының 50-ден астам өкілі цифрлық болашақ туралы өз ойларымен бөліседі. Айта кетейік, форум алаңында IT-шешімдер көрмесі жұмыс істеуде. Онда қазақстандық инновациялық стартап-жобалар өз өнімдерін цифрлық алыптармен тең дәрежеде таныстыра алады. Солардың бірі – Алматыда жаңа жылдан бері іске қосылған «Сергек» жобасы.
Сондай-ақ форум аясында алғаш рет үздік компаниялар мен жобалар «Digital Almaty Awards» сыйлығымен марапатталады.