Ұлағатты ұстаз Намазалы Омашев 70 жасқа толды
Осыған орай қазақ журналистикасы мен әдебиет марқасқалары елордада бас қосты. Олар тәуелсіз Қазақстан журналистерінің ұстазына айналған тау тұлғаға жылы лебіздерін білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнады. Талай тілшіні тәрбиелеген профессордың мерейтойында жиналғандар ұстаздың ұлағатты істері мен қасиеттеріне тоқталды.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Абыз Әбіш Кекілбаев айтқандай, кешегілердің еңбегін елемесек, бүгініміздің көңіліне қарамасақ, ертеңгілерді қайдан қарық қыламыз?!. Осы тұрғыда Намазалы Омашев – жастарға үлгі қылуға, замандастары үшін бой түзеуге лайық мемлекетшіл тұлға.
Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары:
- «Хабар» Агенттігіндегі шәкірттері «Ақпарат әлемінің ақтаңгері» деп атап, үлкен деректі фильм жасаған болатын. Біз үшін, хабарлықтар үшін Намазалы ағамыз, ұстазымыз ақпарат әлемінің ақтаңгері болып қала береді. Мерейтойыңыз құтты болсын!
Намазалы Омашев, филология ғылымдарының докторы, профессор:
- Құдайдың құтты күні бірнеше басылым, телеарналар, радиоарналар, «Egemen Qazaqstan» газетінен бастап басылымдардың барлығы шама-шарқынша мен туралы дәріптеп беріп жатыр. Мен ризамын. Тіпті кейде «менің сіңірген еңбегімді артық бағалап жатқан сияқты» деп ойлаймын.