Колониядағы 11 адамнан ЖИТС дерті анықталды
Олардың барлығы қауіпті індетті ине арқылы жұқтырған. Айтуларынша, есірткіні түрме қабырғасында емес, жұмыс істеуге қалаға шыққанда қолданған. Әзірге дерттің кімнен, қай жерде, қашан жұққаны белгісіз. Анығы, өткен жылғы дәрігерлік тексерісте олардың барлығы сау болған.
Юрий Гусаков, «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро» ҚОФ директоры:
- Бұл жағдайдың қалай болғанына таңымыз бар. Себебі күзетшілер жазасын өтеушінің ешбірін де көзден таса қылмай, қатаң бақылауда ұстайды. Қалай болғанымен де қазір арнайы құрылған комиссия тергеу жұмыстарын бастады. Ақпан айында нәтижесі белгілі болады. Келешекте мұндай сұмдық қайталанбас үшін қатаң шаралар қолдану керек.