Ресей Үкіметінің басшысы М.Мишустин шетелдік сапарын Қазақстаннан бастады
Сондай-ақ Ресей үкіметінің басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Сарапшылардың айтуынша, солтүстіктегі көршіміз бізбен барлық бағытта қатар жүруі керек. Негізі мұндай кездесулердің тиімділігі жоғары екенін қос тарап та түсінеді. Яғни жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, тауар айналымының артуы және инвестиция көлемінің ұлғаюы екі жаққа да пайдалы.
Санат Күшкімбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
- Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық шеңберінде екіжақты байланыстың дамып жатқанын ескерсек, Қазақстан үшін бұл жұмыс сапары аса мәнге ие. Түптеп келгенде қарапайым азаматтар үшін екі ел арасындағы сауда экономикалық қарым-қатынас тек пайда әкелуі тиіс. Жаңа ұйымдар, жаңа құрылымдар мен жаңа жұмыс орындары құрылып, инвестициялар тартылады.