Хабар телеарнасы

Қытайға барып келген 33 адам стационарлық ем қабылдап жатыр

Бұл жайында Үкімет үйінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Қазір Қытайға барып келген 33 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Бірақ жедел респираторлық инфекция, тұмау жұқтырғандықтан ем-дом шараларын дәрігерлердің бақылауында қабылдауға мәжбүр болып отыр. Тағы Елжан Біртанов Қытай мен өзге де елдерден келген азаматтарға коронавирусты анықтайтын зертханалық тестілеуден өтудің қажеттілігі жоқ екендігін айтты.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бұл тестілеу тек адамда аурудың белгілері байқалса ғана жүргізіледі. Қазір осындай 99% белгілердің, яғни дене қызуының көтерілуі, жөтелгендерді тексергенде оларда қарапайым тұмау анықталып жатыр. Сол себепті 18 млн адамды коронавирусқа тексерудің ешқандай да бір қажеттілігі жоқ.