Қазақстанның сыртқы байланысы туралы сарапшылар пікір білдірді
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның «Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық стратегиясының өзгеруі мүмкін» деген мәлімдемесі сарапшылар арасында алаңдаушылық туғызбайды. Өйткені Қазақстан саяси аренада өзін бірнеше рет бейбіт демократиялық мемлекет ретінде көрсетті.
Ирина Черных, ҚСЗИ Бас ғылыми қызметкері:
- Қазақстан мен АҚШ арасында өте жемісті және тиімді байланыс орнаған. Жылдан жылға біздің сауда-экономикалық, әскери және басқа бағытта ынтымақтастығымыз артып келеді. Орталық Азия аймақ ретінде едәуір әртүрлі. Орталық Азия елдерінің ұстанымдарының өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан АҚШ үшін Орталық Азия кеңістігінде шешуші ойыншы болып табылады.АҚШ-тың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық үшін қандай ұсыныстар жасайтыны өте маңызды.
Болат Әуелбаев, ҚСЗИ Бас ғылыми қызметкері:
- АҚШ Еуразияда, дәлірек айтсақ, Орталық Азия аймағында, Ауғанстан мен Оңтүстік Азияда өз бағдарламасын жандандырғанына көп уақыт болды. Бұл жағдайда Майкл Помпеоның Қазақстан мен Өзбекстанға сапары бұл американдықтардың «Жаңа Жібек жолы» бағдарламасын қайтадан жаңартып жатқанын көрсетеді. Бұл – Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың бастамасы ғана.