Хабар телеарнасы

СҚО-да жүк көліктері соғылып, бір адам ауыр дене жарақатын алды

Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауыр дене жарақаттарын алған. Оқыс оқиға қала маңындағы Бескөл ауылында болған. Петропавлдан келе жатқан газ көлігі кенеттен оң мен солға теңселіп, жолдың жиегінде тұрған ауыр жүк көлігіне соғылған. Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне ішінде қысылып қалған 53 жастағы жүргізушіні шығару үшін кабинаны кесуге тура келді. Ал сау тамдығы қалмаған көлік арнайы техникамен сүйреп әкетілді.

Бахтияр Есімов, Қызылжар аудандық ПБ бастығының орынбасары:

- Жүргізуші шамамен сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Көлік тоқтамай соғылған. Оның бәрі сарапатамада анықталады.