Семейдегі халықаралық әуежайға Абай есімі берілді
Өткен жылы бұл нысан «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы қайта жаңғыртылып, оған республикалық бюджеттен 10 млрд теңгеден артық қаражат бөлінген. Тарихи қалада бұдан өзге орталық көшелердің бірі, қазақ драма театры, әмбебап кітапхана, музей данышпан ақынның атымен аталады.
Анаргүл Бүркітбаева, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:
- Семей қаласы мен Абайдың өмірі тығыз байланысты. Абай осы Семей қаласында білім алды. Одан кейін осында келіп, қоғамдық қызмет атқарып, бірнеше қоғамдық ұйымға мүше болған болатын. Сондықтан әрбір адам бойында «Абай жеріне келді» деген сезім пайда болуы керек.