Қазақстанда жылына шамамен 28 мың адам жүрек талмасына шалдығады
Шарада жүрегі ұстаған науқасқа алғашқы көмек көрсетудің жайы түсіндірілді. Мамандардың сөзінше, қазір елімізде адам көп жиналатын жерлерге «дефибриллятор» деп аталатын арнайы қондырғы орнатылып жатыр. Бұл құрылғы тоқтап қалған жүректің жұмысын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ оны медициналық білімі жоқ, кез келген адам пайдалана алады.
Руслан Масхұтов, «Ақ жүрек» қоғамдық қорының директоры:
- Жүрек тоқтап қалған кезде құр массажбен адамды өлімнен арашалап қалмайтынымызды түсіну керек. Міндетті түрде дефибрилляторды іске қосқан жөн. Себебі сіз адамның кеуде тұсын қай тереңдікте, дұрыс немесе қате қысып жатқаныңызды білмейсіз. Ал бұл құрылғы дыбысты нұсқаулықтар береді. Қазіргі кезде осы аппараттың көмегімен құтқарылған адамдар бар. Мәселен, Алматы қаласында студенттер өз курстасын дефибрилляторды қолдану арқылы аман сақтап қалды.