Биылғы І тоқсанда жер учаскелері онлайн жүйемен беріле бастайды
Ал басқа аймақтарда жүйені жетілдіру қажет. Оның үстіне Ауыл шаруашылығы министрлігі нормативтік-құқықтық актілерге уақытылы өзгеріс енгізуі қажет. Жалпы цифрландыруды жүзеге асыру үшін 2 жылда 32,8 млрд теңге қаржы жұмсалды. Оның экономикалық тиімділігі 802,5 млрд теңгеге жетті. Бүгінге дейін ақпараттық жүйелерді интеграциялау нәтижесінде қызметтердің 80% электронды түрде көрсетіледі. Бірақ бұл жұмысты 5 мемлекеттік орган өз уақытында орындамаған. Үкімет басшысы аталған олқылықтарды наурыздың 1-іне дейін жоюды тапсырды. Алдағы жоспар ауқымды. Биыл 880 елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылады деп жоспарлануда.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
- Алдымызда мемлекеттік қызметті 90% автоматтандыру деңгейіне қол жеткізу міндеті тұр. Мемлекеттік органдар аса қысқа мерзімнің ішінде көрсетілетін мемекеттік қызмет тізіміне енгізілуі қажет өзгерістерді пысықтап енгізсін. Бұл мемлекет қолдауы жөніндегі 20 шараға қатысты. Жер мәселесі бойынша көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру жөнінде үкіметтер геопорталдарында өңірлік мәліметтердің бәрін ынталандыруды аяқтап, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрымен интеграциялауы қажет.