Елордада «Құнанбай» кітабы жарық көрді
Ғылыми еңбектің авторы Ерлан Сыдықов осы кітапты жазу үшін Омбы, Новосібір, Шығыс және Орталық Қазақстандағы архивтерді ақтарғанын айтады. Кітап Мәскеуде орыс тілінде басылып шыққан. Алдағы уақытта қазақ, қытай, түрік және ағылшын тілдеріне аударылмақ.
Ерлан Сыдықов, ҚР ҰҒА академигі, тарихшы:
- Құнанбай – тарихи тұлға. Оның нақты өмірі, нақты қоршаған ортасы болды. Кітап аталған мәселелерді объективті түрде көрсету мақсатында жазылды. Құнанбайды зерттеген кезде таптық көзқарасты, партиялық принципті алып тастап, тарихи обьективті принципті пайдалана отырып өмірі мен атқарған қызметін көрсету басты мақсаты болды.