Қызылорда облысында 2 күнде 800-ге жуық заңға қайшы әрекет анықталды
Жол патрульдік инспекторлар көлікпен жан-жақтан қаумалап жүріп 27 жастағы азаматты әрең тоқтатты. Бұл – «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы кезінде тіркелген дерек. 2 күннің ішінде жол сақшылары 800-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады. Оның 9-ы мас күйінде көлік басқарған. Жалпы өңірде былтыр 45 мыңдай көлік оқиғасы тіркелген. Ал биылғы қаңтардың өзінде автомобиль апатының саны 11 мыңнан асып отыр.
Шәмшидин Әмитов, ОПД бастығының бірінші орынбасары:
- Жалпы біздің атқарып отырған жұмысымыз жүргізушілермен сұхбаттасып, оларды тоқтатып, жол ережесін бұзбау жөнінде буклеттер тарату болып табылады. Соның нәтижесінде облыста жол-көлік оқиғасы және одан қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың сены төмендеп отыр.