Күршім көпірінің құрылысы басталады
Биыл Бұқтырма су қоймасының үстінен көпір құрылысы басталады. Әзірге күршімдіктер жазда ескі паромдармен, ал қыста мұз үстімен өтуге мәжбүр. Ал Өскеменге дейінгі айналма жол болса, 800 шақырымға жетеді. Егер көпір салынса, осы қашықтық 4 есеге азаяды. Жоспар бойынша көпір 3 жыл ішінде салынып бітуі тиіс.
Нұржан Жұмаділов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бұқтырма өзенінен көпір салу мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта біз министрлікке, автомобиль жолдары комитетіне осы жобаны қаржыландыру жөнінде ұсыныс бердік. Барлық құжатты тапсырдық. Қазіргі уақытта бюджетті нақтылау кезінде көпірді салуға ақша бөлінеді деп сеніп отырмыз.