Еліміздің жас өнертапқыштары жобаларын қорғады
Гидропоника әдісі арқылы аз уақытта құнарлы әрі мол өнім алуға болады. Аталған әдісті кәдеге жарату бойынша еліміздің жас өнертапқыштары арасында тұңғыш рет «Агроинженер 2020» халықаралық байқауының қалалық кезеңі ұйымдастырылды. Сайысқа елорданың 11 білім ордасы қатысып, жеткіншектер агрокешендік салада өз жобаларын қорғады.
Марика Құрманбаева, биология пәнінің мұғалімі:
- Біз 2017 жылдан бастап, өзіміздің мектебімізде гидропоника зертханасын ашқан болатынбыз. Мақсатымыз – тұщы суды үнемдеу арқылы жерді эрозиядан сақтап, жаңа әдіс-технологияларды пайдалана отырып, балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.