Биыл республика мектептеріне қазақ күресі пән ретінде енгізіледі
Қуанышты жаңалықпен ҚР Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдаулет Сәбитов бөлісті. Пилоттық жоба қыркүйек айынан бастап, Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысында жүзеге аса бастайды. Қазір жобаның бағдарламасын әзірлеу, мамандарды даярлау жұмыстары жүріп жатыр. Ұстаздар құрамын толықтыру үшін жыл соңына дейін қазақ күресі академиясы құрылуы тиіс.
Бақдәулет Сәбитов, ҚР Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы:
- Мамандар дайындауға біршама уақыт бар. Қазіргі таңда 40 минуттан тұратын 100 сабақ жазылды. Енді олар тиісінше мемлекеттік органдарда бекітілу үшін жалғасын тауып жатыр. Алдағы 5-6 жылда біз вариативті сабақ ретінде өткізе тұрамыз.