Маңғыстау облыстық әкімдігінде 66 пара алу дерегі тіркелді
Одан кейін денсаулық сақтау саласы. Дәрігерлер парамен 8 мәрте ұсталған. Өткен жылы 137 қылмыс ашылған. Ал лауазымды тұлғалардың шағын бизнес өкілдерінің жұмысына 16 рет заңсыз араласқаны анықталды. Мысалы, Туризм басқармасының жетекшісі мемлекеттік сатып алулар кезінде жеке серіктестік жұмысына кедергі келтіріп, 20 млн теңге шығынға батырған. Айыпталушыға 2,5 млн теңге айыппұл салынды. Ал осы өңірдегі «ҚазАвтоЖол» мекемесінің басшылары ұйымдастырған қылмыстық схеманың да жолы кесілген.
Серік Қаныбеков, ҚР СЖҚІА аймақтық департаменті басшысының орынбасары:
- Мекеме филиалында лауазымдық қызмет атқарған тұлғалар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңыздағы жол салушы мердігер компаниялардан бірнеше рет заңсыз сыйақы алған. Осындай күдікпен қылмыстық іс сотқа жолданды. Нәтижесінде 552 млн 200 мың теңге мемлекет пайдасына өндіріліп алынды.