Үкімет инфрақұрылымды жаңғыртуды қолға алуы тиіс
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттардың Премьер-Министрге жолдаған 14 сауалының 90% инфрақұрылымды қалпына келтіруге қатысты болды. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Үкімет тез арада инфрақұрылымды жаңартуға күш салуы қажеттігін атап өтті. Себебі мемлекет ескірген желілердің кесірінен суды ысырап етіп, электр энергиясын жоғалтуда. Өңірлердің арасында коммуникация нашар дамыған. Осының барлығын депутаттар толық бақылауға алуы қажет. Сондай-ақ Сенатта қабылданған құжаттардың арасында соғыста қолдануға тыйым салынған құралдар жайлы хаттаманы ратификациялау жобасы да бар. Мәселен, Қазақстан бактериологиялық және уытты қаруды әзірлеп, оларды сақтауға тыйым салу мен жою туралы конвенцияны 2007 жылы ратификациялаған. Енді оны Сенатта қабылданған Женева хаттамасы толықтырылып отыр. Құжат халықаралық қауіпсіздік жүйесінде ерекше маңызға ие.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Осы орайда бірнеше сұрақ туындайды. Біріншіден, 1925 жылы қабылданған құжатқа біз неге қосылып отырмыз? Қазақстан егемендік алғаннан бастап өзінің бейбітсүйгіштік саясатын жүзеге асырып жатқаны белгілі. Бізде 16 осы биологиялық қауіпсіздік бойынша тиісті ғылыми зерттеу орталықтары болса, оның 14-і Білім және ғылым министрлігінде. Сондықтан біздің бұған қатысымыз бар.