Петропавлда «Әл-Фараби – Шығыстың көрнекті ойшылы» атты көрме ашылды
Мәдени-танымдық шара ғұламаның 1150 жылдығана арналған. Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада жұртшылық назарына ғалымның еңбектерімен қатар ол туралы жазылған туындылар қойылған. Олардың арасында былтыр ғана жарыққа шыққан 7 томдық «Фараби» шығармалар жинағы бар. Кейбір кітаптар әлемнің бірнеше тіліне аударылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара өскелең ұрпақтың ілім-білімге деген құштарлығын оятуға мүмкіндік береді.
Майра Әшімова, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім басшысы:
- «Ашылмаған әлемі» деп дұрыс жазылған. Ол енді талай зерттеліп жатыр. Әлі еңбектері түгел табылған жоқ. Трактаттары 200-ден артық. Әлі 200-і баспа жүзінде жоқ. Сондықтан ол талай зерттеуді қажет етеді.