ҚР Ұлттық кітапханасында «Әл-Фараби ғылыми орталығы» ашылды
Ұлы ойшылдың 1150 жылдығы аясында өткен шарада ғалым-жазушылар тұлғаның әлемдік ғылымға қосқан үлесін атады. Ұлттық кітапхана қорында адамзаттың екінші ұстазы туралы 4000-нан аса құжат сақтаулы. Әл-Фараби еңбектерінің саны 1000-ға жуық. Бірақ барлығы – аударма. Бүгін олардың сандық нұсқасы таныстырылды. Орталық мақсаты – энциклопедист-ғалымның мұрасын дәріптеп, зерттеу.
Бақытжамал Оспанова, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры:
- Ұлттық кітапхана қорында әл-Фараби еңбектерінің түпнұсқалары жоқ. Бірақ біз экспедиция ұйымдастырамыз, зерттеу жұмыстарын өзімізге сандық түрге көшіріп аламыз.
Әбсаттар Дербісәлі, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры:
- Тек қана араб тілін ғана емес, грек тілін үйреніп, қандай ғажап шығармалар қалдырды! Олар – өлмес, өшпес шығармалар.