Қостанай қаласында 5 қабатты үйдің қабырғасы сөгіле бастады
Бұл баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылған болатын. Оған 290 млн теңге бюджет қаржысы жұмсалды. Абырой болғанда тұрғындар қоныстанып үлгермеген еді. Құрылыстың сыр беруінің негізгі себебі: жерасты суының көтерілуі. Мердігер осындай уәж айтады. Өткен жазда бұл тұрғын үй толық бұзылды. Қазір ол жерде құр шұңқыр қалған.
Әнуарбек Қасымов, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары:
- Енді бұл жерде үйдің іргетасын бетон қадаулармен жасамақпыз. Ол сараптамадан өтті. Жуырда құрылыс басталып, жыл аяғына дейін толық аяқталады. Сот қорытындысында жасалған бейбіт келісімге сәйкес мердігер компания шығынды өтеді. Ал бюджеттен келісімшартта қаралған қаржыдан артық ақша жұмсалмайды.